top of page


VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН СПОРТШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
2026 жылдың 31 тамыз 7 қыркүйек аралығында Қырғызстан мемлкетінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл дода ұлттық спорт үшін олимпиада ойындарына парапар. Айтылған додада дәстүрлі садақ ату спорты бойынша еліміздің намысын қорғайтын спортшылар: Сейсегюзел Али Саламатұлы Жәнібек Қанат Қасымхан Қабдоллаева Аяш Ғалымжанова Әсемгүл Батихан Айкөркем Аталған спортшылар 2 күндік іріктеу сайысында барлық ұлттық команда мүшелерінен оза шауып жолдамаларды жеңіп алды. Федера


"ЖАМБЫ" НЫСАНАСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
"Чемпиондар лигасы" республикалық турнирінің "Жамбы" нысанасы бойынша жеңімпаздары анықталды Жеңімпаздар арнайы медаль, диплом және қомақты қаржылай сыйақымен марапатталды. 1 орын үшін 1 300 000 теңге 2 орын үшін 700 000 теңге 3 орын үшін 500 000 теңге Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры Ерлер арасында 1 орын Кулмирзаев Жанибек 2 орын Сейсегюзел Али 3 орын Әбдікеримов Мақсат Әйелдер арасында 1 орын Жаппар Сабира 2 орын Ғалымжанова


1-2 күннің нәтижиесі
"Чемпиондар лигасының" 1-2 күні өз мәресіне жетті. Екі күннің нәтижмесі бойынша келесі спортшылар жүлделі орындарға тұрақтады. "Пута" "Орта Азия" нысаналары бойынша Ерлер арасында 1 орын Сейсегюзел Али 2 орын Қанат Қасымхан 3 орын Лұқпанов Мұрат Әйелдер арасында 1 орын Батихан Айкөркем 2 орын Қабдоллаева Аяш 3 орын Жариева Гүлназ Іс-шараның Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры


ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ
Дәстүрлі садақ атуда тұңғыш рет "Чемпиондар лигасы" республикалық турниры. Турнир ағымдағы жылдың 24-28 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Додаға еліміздің дәстүрлі садақ атудан ұлттық командалары қатысады. Додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 6 мерген VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады. Ал VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спортымыз үшін олимпиада ойындарына парапар. Жолдамадан бөлек 5 000 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынасады. Турни


Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті
2026 жылдың 16-19 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен “Sadaq Aty” Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының қолдауымен және Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мен “Oqzhetpes” БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының ұйымдастыруымен Дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталға


Мергендер әлемдік додада топ жарды
3-7 маусым аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында өткен 14 Fetih Kupasi өз мəресіне жетті. Бес күнге созылған əлемдік додаға дəстүрлі садақ атудан 507 спортшы (327 ер, 180 əйел) қатысты. Спортшылар 50 метрлік Turkish пута жəне 30 метрлік қазақтың төл нысанасы жамбы нысанасы бойынша бақтарын сынады. Қос нысана бойынша Қазақстан спортшылары айқын басымдық танытып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қоланы қанжығаға байлады. Əйелдер арасында Жамбы нысанасы бойынша спортшымыз Фариза Сабыржа


Стамбулда өтетін 14 Fetih Kupasi Халықаралық турниріне 90-ға жуық қазақстандық спортшы барады
3-8 маусым аралығында Түркия қаласында өтетін 14 Fetih Kupasi турниріне елімізден 90-ға жуық спортшы барады. Спортшылар арнайы ОЖЖ-нан өтіп, қызу дайындық үстінде. Әлемдік додада 12 Fetih Kupasi- нда жерлесіміз Айкөркем Батихан алтыннан алқа тағынса, 13 Fetih Kupasi-нда спортшымыз Мақсат Әбдікеримов күміс жүлде және мерген қызымыз Әсемгүл Ғалымжанова қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ал Нұртаев Азамат 500 спортшының ішінде 4 орынға табан тіреген еді. Биыл да спортшыл


Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы ОЖЖ барысымен танысып, спортшылармен кездесті
Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынының барысымен танысып, спортшыларға демеу берді. Сондай-ақ, спортшылармен арнайы жиналыс өткізді. Жиналыста болашақта өтетін жарыстар, ұлттық команда мүшелерінің жалақысы, федерацияға бапкерлік штат ашылғаны жайлы, ұлттық команда спортшыларын спорттық құрал жабдықтармен (садақ, оқ, қорамсақ, нысаналар, дүрбі) қамтамасыз етілетіні жайлы, федерацияның қызметтік штаттары


Дәстүрлі садақ атудан оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр
Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық командасының спортшылары Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдап жатыр. ОЖЖ 19 мамыр мен 2 маусым аралығында жоспарланған. Ұлттық команда сапынан 12 спортшы және 2 жаттықтырушы қатысып жатыр. Жиын барысында қатысушылар техникалық дайындықтарын жетілдіріп, дәлдік пен төзімділікті арттыруға бағытталған арнайы жаттығулар орындауда. Тәжірибелі садақшылар мен жас садақшылар әртүрлі нысаналар бойынша дайындалады. Сондай ақ,


Эксклюзивті "Оқжетпес" нысанасы бойынша жарыс өтті
Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ізі қалған қасиетті жерде сенсациялық 300 метрлік эксклюзивті “Оқжетпес” нысанасы бойынша республикалық жарыс өтті. Бұл нысана бойынша жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Бурабайдың табиғаты аясында бұл турнир қатысушыларға ерекше атмосфера сыйлады. Қарағайлы орман мен таулар спортшыларға шабыт беріп, жарыстың көркін аша түсті. 300 метрлік нысананың осы қасиетті мекенде өткізуінің себебі аңызға толы Оқжетпес тауының тарихымен


Ақмола облысы Бурабай кентінде "Оқжетпес" республикалық ашық турнир өтті.
14-18 мамыр күні Бурабай кентінде Кенесары Қасымұлы атындағы "Оқжетпес" республикалық ашық турнир өтті. Жарыс Бурабайдың көркем табиғат аясында, ашық аспан астында өтті. Турнирге еліміздің барлық облысынан келген 250-ге жуық спортшы "Қалқан", "Жамбы" және "Оқжетпес" нысанасы бойынша бақ сынасты. Оның ішінде 62 әйел спортшы, 180 ер спортшы. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық, медаль және арнайы дипломдармен марапатталды. Турнир ҚР спорт және туризм министрлігі және Республикалық дәстү


Дəстүрлі садақ атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Киелі Түркістанда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде дəстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған халықаралық додаға Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Солтүстік Кипр, Тайланд, Түркиядан келген 100-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы есепте төрт алтын, төрт күміс, үш қола жүлдемен командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. «Бүгінде Қазақстанның дəстүрлі садақ атушылары əлемдік рейтингте бірінші орында тұ


Қазақстанда дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр
2026 жылдың 18-22 наурыз аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласында Атшабар көпфункциялы спорт нысанында "Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры қолдауымен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатқа Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті. Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облысының Дене шыны


Ташкент төрінде қазақ спортшылары топ жарды
2026 жылдың 4-6 наурыз аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында дәстүрлі садақ атудан халықаралық Tashkent International Traditional Archery Competition турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Малайзия, Кипр, Индонезия мемлекетінің үздік спортшылары қалқан жане анар нысанасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, үшін


Республикалық дәстүрлі "Sadaq atu" садақ ату федерациясы аккредитациядан өтті
2026 жылы 23 ақпан күні Республикалық садақ ату федерациясы қайта аккредитациядан өтіп, "Ұлттық федерация" мәртебесімен даму жолын жалғастырады. Енді ұлттық федерация мемлекеттің қолдауымен ел аумағында және шет елдерде Қазақстан спортшыларының жоғары деңгейде нәтиже көрсетуіне мүмкіндік береді.


2026 жылдың алғашқы "Daraboz" республикалық турнирі
Қаңтар айының 23–26 аралығында Абай облысы, Семей қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан «Daraboz» республикалық турнирі өтті. Турнир қазақ халқының даңқты қолбасшысы, ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен Қабанбай батырдың рухына арналды. Қабанбай батыр (Ерасыл Қожақұлұлы) – XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше ерлігімен танылған, қазақ халқының бірлігі мен жер тұтастығын қорғауда айрықша рөл атқарған тарихи тұлға. Турнирдің «Daraboz» деп


Үздік федерация
Шымкент қаласы дәстүрлі садақ ату федерациясы Шымкент қаласы дәстүрлі садақ ату федерациясы 2022 жылы қараша айының 29 бастап жұмыс жасауда. Президенті Саханов Серік Шымкент қаласы бойынша Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубында дәстүрлі садақ ату бөлімі бар. Жаттықтырушылар: 1. Кулмирзаев Жанибек (ІІ- санатты) 2. Кенжеев Алмас(ІІ – санатты) Спорт


Үздік садақ ату клубы
“SUGIR MERGEN” дәстүрлі садақ ату клубы 2023 жылы 1 қазаннан бастап ашылды. Ресми Жамбыл облысының спорттық, дәстүрлі және пара олимпиадалық федерациясының филиалы негізінде құрылды. Филиал директоры, негізін салушы- Менлибаева Индира Джанибековна. Ұстазы- Мұғалов Ахмет. Республикалық федерацияның күнтізбелік жоспарына сай 2024 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының Кубогінде алғаш Жамбыл құрамасы ретінде команда жасақтап, ресми жарыстарға қатысып бастады. 2024


Ең мықты рух
Сандыбеков Бейбарыс (Атырау обл) 2023 жыл Атырау облыстық ашық турнир: Қалқан нысанасы - 1 орын. 2024 жыл Жасөспірімдер арасында Атырау облысы чемпионаты: Пута нысанасы - 1 орын; Қалқан нысанасы - 1 орын; Жамбы нысанасы - 1 орын. Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты Жамбы нысанасы - 4 орын. 2025 жыл Жастар арасында Атырау облысы чемпионаты: Орта Азия нысанасы - 3 орын; Жамбы насынасы - 2 орын. "Saraishyq mergenderi" Батыс аймақтық лигасы: Жамбы нысанасы - 2 орын. Іс-шараның


Үздік бапкер
Бекетаев Сағынғали (Ұлытау обл) 2025 жылғы шәкірттер жетістіктері: Қазақстан Республикасының Чемпионаты Петропавл қаласы 19-22 шілде Саматов Бейбарыс Пута нысана 1-орын Құрманғали Райхан Пута нысана 1-орын Нәрік Медина Орта Азия нысана 1-орын Жамбы нысана 3-орын Марат Жансұлтан Пута нысана1-орын Қалқан нысана 1-орын Аманжан Салим Пута нысана 3-орын Қалқан нысана 3-орын Ағзамсофа Айсель Пута нысана 3-орын Рахымтай Аяулым Жамбы нысана 2-орын Әлем Чемпионаты Ақтау қаласы 17-19 т
bottom of page


