Ақмола облысы Бурабай кентінде "Оқжетпес" республикалық ашық турнир өтті.
14-18 мамыр күні Бурабай кентінде Кенесары Қасымұлы атындағы "Оқжетпес" республикалық ашық турнир өтті. Жарыс Бурабайдың көркем табиғат аясында, ашық аспан астында өтті.
Турнирге еліміздің барлық облысынан келген 250-ге жуық спортшы "Қалқан", "Жамбы" және "Оқжетпес" нысанасы бойынша бақ сынасты. Оның ішінде 62 әйел спортшы, 180 ер спортшы.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлық, медаль және арнайы дипломдармен марапатталды.
Турнир ҚР спорт және туризм министрлігі және Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының қолдауымен Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақмола облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы ұйымдастырды.
Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры











Комментарии