Стамбулда өтетін 14 Fetih Kupasi Халықаралық турниріне 90-ға жуық қазақстандық спортшы барады
- QazArcher

- 29 мая
- 1 мин. чтения
3-8 маусым аралығында Түркия қаласында өтетін 14 Fetih Kupasi турниріне елімізден 90-ға жуық спортшы барады. Спортшылар арнайы ОЖЖ-нан өтіп, қызу дайындық үстінде. Әлемдік додада 12 Fetih Kupasi- нда жерлесіміз Айкөркем Батихан алтыннан алқа тағынса, 13 Fetih Kupasi-нда спортшымыз Мақсат Әбдікеримов күміс жүлде және мерген қызымыз Әсемгүл Ғалымжанова қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ал Нұртаев Азамат 500 спортшының ішінде 4 орынға табан тіреген еді. Биыл да спортшыларымыздан үміт көп.
Fetih Kupasi - дәстүрлі садақ ату спортындағы әлемдік деңгейдегі басты турнир болып саналады. Аталмыш турнир 14-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Биыл турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен 500 ден аса дәстүрлі садақ атушылар тіркелді. Спортшылар 50 метрлік Turkish пута және 30 метрлік қазақтың төл нысанасы жамбы нысанасы бойынша бақтарын сынайды. Дәстүрлі садақ ату спортында 45 елдің ішіндегі қазақ елінің басты қарсыластары Малайзия, Индонезия, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Монғолия, Қытай елінен спортшылар қатысады.
Әлемдік турнирге баратын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсеткен Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры







Комментарии