Эксклюзивті "Оқжетпес" нысанасы бойынша жарыс өтті
- QazArcher

- 29 мая
- 1 мин. чтения
Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ізі қалған қасиетті жерде сенсациялық 300 метрлік эксклюзивті “Оқжетпес” нысанасы бойынша республикалық жарыс өтті. Бұл нысана бойынша жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Бурабайдың табиғаты аясында бұл турнир қатысушыларға ерекше атмосфера сыйлады. Қарағайлы орман мен таулар спортшыларға шабыт беріп, жарыстың көркін аша түсті. 300 метрлік нысананың осы қасиетті мекенде өткізуінің себебі аңызға толы Оқжетпес тауының тарихымен тікелей байланысты.
Аталмыш нысана бойынша бас жүлдені Ақмола облысының спортшысы Елубаев Абзал қанжығасына байласа, екінші орынды Әбдікеримов Мақсат және үшінші орынды Нұртаев Азамат жеңіп алды. Спортшылар медаль, диплом, қаржылай сыйлық және арнайы белдікпен марапатталды. "Оқжетпес" турнирін болашақта халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.











Комментарии