2026 жылдың алғашқы "Daraboz" республикалық турнирі
- QazArcher

- 27 мар.
- 1 мин. чтения
Қаңтар айының 23–26 аралығында Абай облысы, Семей қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан «Daraboz» республикалық турнирі өтті. Турнир қазақ халқының даңқты қолбасшысы, ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен Қабанбай батырдың рухына арналды. Қабанбай батыр (Ерасыл Қожақұлұлы) – XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше ерлігімен танылған, қазақ халқының бірлігі мен жер тұтастығын қорғауда айрықша рөл атқарған тарихи тұлға. Турнирдің «Daraboz» деп аталуы – осы тарихи тұлғаның ерлігі мен рухын жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Турнирді ұйымдастырушылар:
· Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;
· «Sadaq Aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы;
· Абай облысының дәстүрлі садақ ату федерациясы.
Аталмыш турнирге 3 қала мен 17 облыстан 159 спортшы: 102 ер адам және 57 әйел спортшы қатысты.
Аталмыш турнирге 3 қала мен 17 облыстан 159 спортшы: 102 ер адам және 57 әйел спортшы қатысты.
Қалқан нысанасы бойынша
Ерлер арасында:
1 орын - Ғалымжанов Сырлыбай, БҚО
2 орын - Ахметов Диас, Астана қ.
3 орын - Тажгалиев Нұрсұлтан, БҚО
3 орын - Сесигюзел Али, Атырау обл.
Әйелдер арасында:
1 орын - Ғалымжанова Әсемгүл, БҚО
2 орын - Батихан Айкөркем, Астана қ.
3 орын - Кабдоллаева Аяш, ШҚО
3 орын - Жаппар Сабира, Шымкент қ.
Жамбы нысанасы бойынша:
Ерлер
1 орын - Кочкаров Анвар, Түркістан обл.
2 орын - Эсбердиев Жансерік, Алматы қ.
3 орын - Сарсен Ерлан, Түркістан обл.
3 орын - Қанат Қасымхан, Астана қ.
Әйелдер
1 орын - Ғалымжанова Әсемгүл, БҚО
2 орын - Жариева Гүлназ, Маңғыстау
3 орын - Дүйсенбек Гульжан, Жетісу обл.
3 орын - Аблакова Карина, Астана қ.











Комментарии