Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы ОЖЖ барысымен танысып, спортшылармен кездесті
- QazArcher

- 29 мая
- 1 мин. чтения
Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы Алматы облысында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынының барысымен танысып, спортшыларға демеу берді. Сондай-ақ, спортшылармен арнайы жиналыс өткізді. Жиналыста болашақта өтетін жарыстар, ұлттық команда мүшелерінің жалақысы, федерацияға бапкерлік штат ашылғаны жайлы, ұлттық команда спортшыларын спорттық құрал жабдықтармен (садақ, оқ, қорамсақ, нысаналар, дүрбі) қамтамасыз етілетіні жайлы, федерацияның қызметтік штаттары жайлы және көшпенділерге іріктеу барысы жайлы айтылды.
Алда Түркия елінде (Стамбул қаласы) өтетін 14 Fetih Kupasi-на қатысатын спортшыларға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
Федерация Бас демеушісі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры








Комментарии