Қазақстанда дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр
- QazArcher

- 27 мар.
- 1 мин. чтения
2026 жылдың 18-22 наурыз аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласында Атшабар көпфункциялы спорт нысанында "Бас демеуші – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры қолдауымен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Чемпионатқа Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және Түркістан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Sadaq Aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы.
Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы және 9 мемлекеттен (Монголия, Қытай, Қырғызстан, Индия, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Тайланд) 110-ға жуық спортшы бақ сынап жатыр.
Чемпионатқа ресми 3 нысана бекітілді. Олар: Пута нысанасы (9 оқтан 7 мүмкіндік), Орта Азия нысанасы (7 оқтан 9 мүмкіндік) және Жамбы нысанасы (5 оқтан 5 мүмкіндік). Әр нысана бойынша ерлер және әйелдерге 1, 2, 3, 3 дәрежелі орын беріледі.
Чемпионаттың ашылу салтанаты: 21 наурыз, сағат 11.00, ресми жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 тамыз, сағат 18.00 өтеді.
Чемпионаттың өткізу орны: Түркістан қаласы, Атшабар көпфункциялы спорт нысаны











Комментарии