Мергендер әлемдік додада топ жарды
- QazArcher

- 12 июн.
- 1 мин. чтения
3-7 маусым аралығында Түркия елінің Стамбул қаласында өткен 14 Fetih Kupasi өз мəресіне жетті. Бес күнге созылған əлемдік додаға дəстүрлі садақ атудан 507 спортшы (327 ер, 180 əйел) қатысты. Спортшылар 50 метрлік Turkish пута жəне 30 метрлік қазақтың төл нысанасы жамбы нысанасы бойынша бақтарын сынады. Қос нысана бойынша Қазақстан спортшылары айқын басымдық танытып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қоланы қанжығаға байлады. Əйелдер арасында Жамбы нысанасы бойынша спортшымыз Фариза Сабыржан алтын жүлдеге, Əсемгүл Ғалымжанова күміс жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Құлмұрзаев Жəнібек алтын медаль, Дюссупов Олжас күміс жүлде, Сейсегюзел Али қола жүлдеге ие болды. Ал түріктің пута нысанасы бойынша əйелдерден Жаппар Сабира қола медаль жəне ерлерден Саламатұлы Жəнібек алтын медаль, Лұқпанов Мұрат қола медалді жеңіп алды. Fetih Kupasi - дəстүрлі садақ ату спортындағы əлемдік деңгейдегі басты турнир болып саналады. Аталмыш турнир 14-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Дəстүрлі садақ ату спортында 45 елдің ішіндегі қазақ елінің басты қарсыластары Малайзия, Индонезия, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Монғолия, Қытай елінен спортшылары да қатысты.Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздардың барлығы ұлттық құрама мүшесі. Турнир алдында спортшыларымыз арнайы ОЖЖ-нан өтіп, дайындықпен барған болатын. Əлемдік турнирге барған Қазақстан құрама спортшыларына қолдау көрсеткен федерация Бас демеушісі – «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры










Комментарии