Үздік садақ ату клубы
- QazArcher

- 24 дек. 2025 г.
- 2 мин. чтения
“SUGIR MERGEN” дәстүрлі садақ ату клубы
2023 жылы 1 қазаннан бастап ашылды. Ресми Жамбыл облысының спорттық, дәстүрлі және пара олимпиадалық федерациясының филиалы негізінде құрылды. Филиал директоры, негізін салушы- Менлибаева Индира Джанибековна. Ұстазы- Мұғалов Ахмет.
Республикалық федерацияның күнтізбелік жоспарына сай 2024 жылы Семей қаласында өткен Қазақстан Республикасының Кубогінде алғаш Жамбыл құрамасы ретінде команда жасақтап, ресми жарыстарға қатысып бастады.
2024 жылы:
1. Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында (Өскемен қаласы):
1-орын 2 садақшы
2- орын 1 садақшы
3-орын 2 садақшы шәкірттері орын алды.
2. Алматы облысындағы ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында төмендегідей нәтиже берді.
1- орын 1 садақшы(ересек)
3-орын 1 садақшы ( жастар)
1 жыл уақыт ішінде 5 спортшысы ұлттық құрамаға еніп, 1 спорт шебері, 4 спорт шеберіне үміткер атақтарын алды.
2025 жылы:
1. Жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында (Петропавл қаласы) :
1-орын 2 садақшы (1 садақшы - 2 нысанадан, 1 садақшы -1 нысанадан) КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ 2-орыннан көрінді.
2. Жамбыл облысындағы жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында төмендегідей нәтиже берді.
1- орын 1 садақшы
2-орын 1 садақшы
3. Абай облысы, Аягөз қаласындағы ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының кубогінде төмендегідей нәтиже берді.
2- орын 1 садақшы ( ересек еркек)
3-орын 2 садақшы ( 1 ересек әйел, 1 жастар қыз бала)
4. Азия кубогі
3-орын 1 садақшы (ересек әйел)
2 жыл уақыт ішінде 5 спортшысы әлі де ұлттық құрамада , 2 спорт шебері, 7 спорт шеберіне үміткер атақтарымен толықты.
БҰДАН БӨЛЕК: 2025 жылы Республика көлемінде жастар арасындағы чемпионатты маусым айында өз облысында өткізуге мұрындық болып, өз қаражаттарымен, жауапкершілікпен іс атқарған КЛУБ болды.
Өз облысында дәстүрлі садақ атуды дәріптеп дәл қазіргі таңда 30 ересек пен жастар, 45 жасөспірімдерді дайындап отырған кәсіби дербес, клуб.
Жыл сайын өз күнтізбелік жоспарларына сай: дәстүрлі садақ атудан чемпионаттар, ашық турнирлер, жолдастық кездесулер өткізуде белсенді. Облыс әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық “Қызғалдақ-МҰРА” фестивалінде де орын алған осы мектептің садақшылары.
Алматы облысында басталған Оңтүстік Лигасының қыздар арасындағы 2025 жылдың чемпиондары (ақпан)
Осы лиганың Жамбыл төрінде өтуіне желтоқсан айында атсалысып 5 облыстың садақшыларына БАЗА бола алды, 2 спортшысы (1 ересек еркек, 1 ересек әйел) жүлдегер атанды.
“Алтын бесік” этноауылында әлемдік деңгейде чемпионат беруді 2027 жылдың көктем мезгіліне жоспарлап отыр.






Комментарии